Референдум

Автобуста жүру – тегін

Бүгін Балқаш қаласының әкімдігі референдумға орай қала ішіндегі барлық бағыттағы қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді қамтамасыз етті. Тұрғындарға ыңғайлы болсын деген ниетпен қала әкімдігі көлік компаниясымен келісімге келген. Бұл туралы Балқаш қаласы әкімдігі хабарлады.


– 5 маусымда қоғамдық көлік автобустарымен жүру қаланың барлық тұрғындары мен қонақтары үшін тегін болатынын хабарлаймыз. Автобустар штаттық режимде жүретін болады, – делінген хабарламада.
Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, жолаушылар автобусы таңғы сағат 06.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жүргіншілерден жол жүру ақысын талап етпейді. Бұл жеңілдікке қала тұрғындары дән риза.
– Референдумға қатысты автобустар тегін екен. Қала тұрғындарына осындай мерекелік көңіл күй сыйлаған қала басшылары мен автопарк иелеріне алғысым шексіз, – қала тұрғыны Айгүл Хамиева.

Нұрдос КӘРІМ.
БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button