Жаңалықтар

Ауыспалы егіс шаруашылығы тиім ді

   Жерді дұрыс пайдалану ар­қылы тиімділігін арттыру адамзат алдында тұрған үлкен міндеттердің бірі. Қарағанды облысының жалпы жер көлемі 42,7 млн. гектар жерді алып жатыр. Оның ішінде 14 млн. гектарын ауыл шаруашылығы жері құрайды.

Егістік жердің көлемі 922,7 мың гектар, пайдаланбай бос жатқан жері 262 мың гектар екен. Бұл жерде айта кетер жағдай пайдаланымдағы егістіктің өзінің тиімділігін арттыру алдыңғы орында болуы тиістті.

Бірінші ауыспалы егістік жүйесін дұрыс жолға қою қажет. Ал, ауыспалы егістікті игеру үшін жеріңнің ауқымды болғаны қолайлы. Мәселен, 200-300 гектар жер телімі бар шаруашылықтардың ауыспалы егістік жүйесіне енуіне мүмкіндігі аз. Бұл тығырықтан шығудың жолы – кіші шаруашылықтарды ірілендіру. Елбасы Жолдауында бұл мәселе айтылған болатын. Осы жылы облыс бойынша 37 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылмақшы. Біз бұл бастаманың аталмыш саланың жандануына үлкен ықпал ететіндігіне сенімдіміз. Бірнеше шаруашылық жұдырықша жұмылып жұмыс атқарса, жердің де, техниканың да тапшылығынан құтылатын еді. Түптің түбінде кіші шаруашылықтардың жұмысы тиімсіз екендігіне көз жеткізетіндігіне сенімдімін. Сондықтан, шаруашылықты ірілендіру қажет.

Екінші ауыл шаруашылығында қысқа агротехникалық шаралардың орындалысы көңіл қуантарлықтай емес. Қыста қар тоқтату, танаптарға көң төгу мәселесі кенжелеп тұр. Ал, көң төгілген жердің тыңайып, топырағы құнарланатындығы белгілі. Осы мәселені көтере отыра, жер иелеріне, егістік пен шаруа қожалықтарына ауыспалы егістік жүйесін жолға қою бүгінгі күннің басты мақсаты екендігін айтқым келеді.

Айнара РАЙЫМБЕКОВА,

экономика ғылымының

магистрі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button