Covid-19

«Ауырғандар Қарағанды мен Теміртауда басым»

Соңғы уақытта облыс көлемінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны өсті. Мамандар айналамызда вирустың қарқынды айналымы жүріп жатыр дейді. Бұл ретте облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Юрий ЗАЛЫГИН өңірдегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтып берді.

Вирус таралуының артуына не себеп?

– Ақпанмен салыстырғанда, наурызда сырқаттанушылық 36% артты. Оған мерекелік күндері шектеу шараларының бұзылуы себеп. ПТР зерттеулерді анықтау бір апта ішінде 3,8%-дан 4,9%-ға өсті.

Ауырған адамдарды жас ерекшелігі бойынша жіктеп беріңізші.

– Ауырғандар арасында 30-49 жастағы адамдар саны басым. Олар – 33%. 60 жастан асқандар – 20%. Әрі қарай 14 жасқа дейінгі балалардың үлесіне тіркелген жағдайлардың жалпы санының 19%-ы тиесілі. Білім беру мекемелеріне бармайтын балалардың да дерт жұқтыру дерегі артып келеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарымен бірге адамдар көп жиналатын орындарға немесе жаппай отбасылық мерекелерге баратынын көрсетеді.

Облыста коронавирустың жаңа штамдары тіркелді ме?

– Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирус инфекцияның айналымдағы түрлеріне тұрақты түрде зерттеулер жүргізеді. ДДҰ-мен бірлесіп коронавирус штамдарын анықтауға экспресс-ПТР скринингтің жаңа әдістемесі енгізілді. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы филиалының референ]зертханасы оң нәтиже көрсеткен зертханалық үлгілерді зерделеді, олар республиканың барлық облыстарынан жинақталды. Зерттеу нәтижелері бойынша «британдық», «оңтүстікафрикалық» және «бразилиялық» штамдарға тән мутация ықтималдығы анықталды. Мутация және оның қай штамға жататыны 1 ай ішінде түпкілікті расталады.

Облыс бойынша қай өңірлерде вирус ең көп анықталды?

– Статистика тәулік сайын өзгеріп отырады. Бірақ, облыс бойынша ауырғандардың басым бөлігі Қарағанды мен Теміртауда деп сеніммен айта аламын. Көрсеткіш кеншілер шаһарында 50%-дан астам. Бұл облыс орталығында тұратын адамдардың көптігіне байланысты.

Шектеу шаралары күшейтіле ме?

– Әзірге облыс «сары» аймақта. Эпиджағдай қалай болатынын біз білмейміз. Барлығы анықталған науқас санына байланысты. Қазір мерекелік демалыстан кейін инкубациялық кезең өтіп жатыр. Жалпы, шектеу шараларын енгізу санитарлық дәрігерлерге байланысты емес. Егер облыс «қызыл аймаққа» енсе, біз таралуды азайту үшін шаралар қабылдауға мәжбүрміз.

Вакциналауға қатысты не айтасыз?

– Аурудың алдын-алудың жалғыз әдісі – вакцинация. Профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі. Осыған байланысты инфекцияға қарсы вакцина алуға кеңес беремін. Вакцина арқылы ұжымдық иммунитет қалыптастыруға қол жеткіземіз. Оның үстіне, Гамалей эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының мәліметтері бойынша, қазір қолданыстағы «Спутник-V» вакцинасының «британдық» және «жабайы» штаммға қарсы қолдану тиімділігі дәлелденді. Сонымен қатар, бетперде тағу, қолды антисептикпен өңдеу немесе сабынмен жуу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдардың көп жиналмауы – аса маңызды. Тағы бір мәселе бар. Қазір ЖРВИ уақыты болғандықтан, ауру белгілерін шатастырып алу мүмкін. Сондықтан, өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыздар. Себебі, босқа уақыт жоғалтып, ауруды асқындырып алуларыңыз ықтимал. Көптеген адамдар өкпеде патологиялық процесс басталған кезде ғана медициналық мекемелерге жүгінеді.

Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button