Жаңалықтар

Ауылдың жүрегі – ауылдың түлегі

     Қарағанды облысы ғана емес, Астана және Екібастұз қалаларының нарығына шығып, тұрғындарды жоғары сапалы сүт өнімімен қамтамасыз етіп отырған «Нәтиже» сүт фабрикасының бизнестегі тасы өрге домалап, жоғары биіктерден көрініп жүр. Кәсібін шағын фирмадан бастап, сүт алпауытына айналып үлгерген ірі кәсіпорынның басшысы Ерлан ӘШІМ қашан болсын қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуден кенде қалған емес.

Абай ауылы – Қарқаралы ауданынан 150 шақырым жерде орналасқан елді мекен. Іргетасы 1954 жылы қаланған. «Нәтиженің» басшысы Ерлан Әшім де – осы ауылдың түлегі. «Айналасына тек жақсылық жасай білетін адамгершілігі мол. Әділдік, тиянақтылық бір бойынан табылатын зиялы азамат», – деп сипаттама береді оған ауылдастары.

Кезінде өздері арманына қанат байлап ұшырған ұландары бүгін ауылдастарының алдындағы парызын ақтап, шалғайда орналасқан ауылда сүт қабылдау пунктін ашуды жоспарлап отыр. Бұл – Абайлықтар үшін қуанышты жаңалық. Облыс тұрмақ, аудан орталығының өзіне жаңа сауған сүтін әкеліп, өткізуге мүмкіндіктері бола бермейтін ауыл тұрғындары үшін сүт қабылдау пуктінің көп мүмкіндік беретіні анық. «Нәтиже» сүт фабрикасының қаражатымен арнайы екі технолог маманды қайта даярлау курсынан өткізіп, сүт қабылданатын ғимаратты алып, күрделі жөндеуден өткізіп, бар іске ұйытқы болып, басшылық жасап жүрген Ерлан Әшімнің бауыры Нұржан Әшім.

Бұл – бір ғана мысал. Абай ауылынан түлеп ұшып, ауыл мақтанышына айналған мектеп түлектері қаншама. Солардың бірі – Астана қаласы Жер қатынастары басқармасының басшысы Төлеуғазы Нүркенов.

Ауылдағы жалғыз №31 мектептен шыққан Есентай Әшім Қарағанды қаласының Н.Нұрмақов атындағы үш тілде білім беретін мамандандырылған мектеп-интернатының директоры, Назарбаев зияткерлік мектебінің математика пәні бағдарламасының авторы, Сарқыт Айкеев туралы да айтпасқа болмайды.

Қазақтың қара қобызында сызылта ойнап, оның құпиясы мен қасиетінің қыры мен сырын сақтап, өткеніміздің баға жетпес асыл мұрасын шашау шығармай, жоғалтпай бізге жеткізіп жүретін азамат Қазыбек Әдікеев 2008 жылы Парижде өткен «Отаныңды ойлай жүр» атты ақындар айтысына қатысқан.

Өзбекстанның Ташкент қаласында бөлімше командирі қызметін атқарып жүрген Қ.Қасымов та ауыл мақтанышы. Жасұлан Арилин болса – Ақтау портында әскери-теңіз флотында елдің абыройы жолында жемісті еңбек етуде.

Мектептің директоры қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, бала тәрбиелеп, немере сүйіп отырған үлгілі әке – Берік Егешов.

Салтанат БАЙЖІГІТОВА,

«Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының бас маманы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button