Акция

Ауылдың үздік ауласы

Биыл көктемде Қоскөл ауылдық округінде ауылдың жанашыр азаматы Жанкелді ЖҮГІНІСТІҢ демеушілігімен «Ең көрікті аула» акциясы жарияланған еді. Күзде сол шырайлы шараның қорытындысы шығарылып, жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды.

Жеңіс тұғырына Нұртазиновтар отбасы көтерілді. Көбегеновтер отбасы ІІ орынды еншілесе, ІІІ орын Тынымбаевтар отбасына бұйырды. Мерейі өскен отбасылар мүшелерін
ауыл әкімі Қалдыбек Кәкімжанов пен аудандық мәслихаттың депутаты Қасқырбек Әбуов ақжарыла құттықтады. Алғыс хат пен қаржылай сыйақы табыс етті. Ауыл әкімі осындай іс-шаралар ауылдың тазалығына, одқытта да жалғасын табатындығына сенім білдірді. Сондай-ақ, акцияны ұйымдастырушы Жанкелді Арынғазыұлына ауыл тұрғындары атынан
алғыс айтты.

Өз тілшімізден.
ҰЛЫТАУ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button