Шет

Ауыл көркеюде

   «Туған жерге туың тік» деген халық даналығы бұл күнде елдіктің ұранына айналды. Елбасы айтқандай, әр адам үшін туған жері – киелі мекен. Сондықтан, еңсесін тіктеп, басын көтерген әрбір азамат туған топырағына қандай жақсылық жасаса да, артық емес.

 

Өспен ауылының 170 жылдық торқалы тойы қарсаңында осы өңірден шыққан азаматтардың ізгі бастамалары көңіл қуантарлық. Мәселен, Астанада тұратын Өспеннің тумалары спорт алаңын тарту етпек. Орта мектеп жанынан салынатын бұл алаң жастардың сүйікті орнына айналары сөзсіз.

Тағы бір жаңалық – сыртта жүрген азаматтар Екінші дүниежүзілік соғыстан оралмаған боздақтарға ескерткіш белгі орнатуда. Сонымен қа­тар, кәсіпкер Айдар Бейсенбаев кешегі Кеңес өкіметі кезінен қалған асхана ғимаратын кеңейтіп, қосымша құ­рылыс жүргізіп, тойхана тұрғызуда. Бұл нысан жақын уақытта жұрт игілігіне қызмет етпек.

Елеулі шараның бірі  – орталық көшенің жаңғыр­тылуы. Облыс әкімінің қолдауымен тікелей жүзеге асып жатқан бұл істі мердігерлер атқаруда. «Бірлік» жол пайдалану мекемесі әбден тозығы жеткен 950 метрлік жолды көтеріп, табанын нығайтса, қарағандылық «Сапажолстрой» кәсіпорны асфальт төседі. Енді, Школьная көшесіне Қаныш Сәтбаев есімі беріліп, көше тұрғындары асфальт төселген жаңа көшемен жүретін болады.

М.ДӘУЛЕТБЕКҰЛЫ.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button