Шет

Ауыл халқының да белсенділігі жоғары

Еліміздің ертеңі үшін ерекше маңызды саяси науқан — Президент сайлауында Шет ауданының тұрғындары да белсенділік танытты.

Аудан орталығындағы мәдениет үйі ғимаратында орналасқан №728 сайлау учаскесіне сайлаушылар таңғы сағат 7.00-ден ағыла бастады. Жұртшылықпен бірге аудан әкімі Марат Жандәулетов те өз таңдауын жасады.

Аудан бойынша 60 сайлау учаскесі жасақталса, оның 2-і аудан орталығында орналасқан. Аудан көлемінде жалпы 27113 сайлаушы тіркелген. Барлық учаскелерде сайлаушылардың еркін қозғалып, дауыс беруі үшін оңтайлы жағдайлар жасалған.

№728 сайлау учаскесіне алғаш боп келген жас сайлаушы  Сабина Тезекбаева да өзі таңдаған үміткерге дауыс берді. Сайлаушылардың алды боп келген оған арнайы сыйлық ұсынылды.

–Мен өзімнің жүрек қалауыммен таңдаған үміткерге дауыс бердім. Жарқын болашақ – жастардың қолында. Еліміздің ертеңі үшін қолымыздан келгенді аянбауымыз керек. Менің таңдауым – маңызды, өзімді Отанымның патриотымын деп есептеймін, – дейді С.Тезекбаева.

Думан ҚАБЫЛ.

 

 

 

 

Басқа материалдар

Back to top button