Ауыл ауруханаларына басымдық берілуде
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылдарда салынып жатқан 6 фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталады. Бұған дейін шалғайдағы ауыл тұрғындарына ыңғайлы болу үшін мобильді дәріхана жұмыс істеп келген. Сондай-ақ, осындай дәріханамен өңірдегі барлық аудан қамтамасыз етілген.
Халыққа медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру — басым міндеттердің бірі. Осы мақсатта ауылдық жерлердегі ауруханаларды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.
Соңғы жылдары өңір бойынша диализ орталықтарының желісі құрылды. Сонымен қатар, бірқатар аудандық ауруханалар жөндеуден өтіп, заманауи диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз етілді.
«Ауылдық денсаулық сақтау» ұлттық жобасы үлкен қолдауға ие. 2025 жылға дейін 92 медициналық нысанның құрылысы аяқталады деп жоспарланған. Оның ішінде 13 дәрігерлік амбулатория, 24 фельдшерлік-акушерлік пункт, 54 медициналық пункт бар.
Дәрігерлердің де тұрмыстық жағдайын жақсарту көзделген. Мәселен, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасына қатысатын 60 жас маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несиелер қарастырылған. Өткен жылы 200-ге жуық жас дәрігер пәтермен қамтамасыз етілді.