Жаңалықтар

Қауіпсіздік қатаң бақылауда

  Жуырда «ЕХРО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабының көшпелі отырысы өтті.

Алты құрлық Астанаға көз тігіп отыр. Екі айдан соң Елор­даға миллиондаған адам ат басын бұрады деп күтілуде. Міне, осы тұста қауіпсіздік мәселесі жіті бақыланатын болады.

Штабтың көшпелі отырысы туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Жиында Көрменің терроризмге қарсы қорғанысының және ақпараттық қауіпсіздігінің жағдайы қарастырылды.

Республикалық террориз­м­ге қарсы жаттығудың қорытынды кезеңінің аясында арнайы операцияны өткізу, терроризм актісінің салдарын азайту және жою шараларының әрекет дағдылары пысықталды.

Іс-шараға мемлекеттік ор­ган­дардың және «Астана ЕХРО-2017» ҰК АҚ бірінші бас­шылары, Астана қаласының әкімі және ҚХР бақылау­шылары қатысқан.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button