Жаңалықтар

Ауқымды алаңда – адамзатқа ортақ мәселе

«ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесі аясында әлемнің 50 елінен келетін кардиохирургтердің Халықаралық конгресі өтеді.

Бүкіләлемдік Кардиоваскулярлы және Торакалды Хирургтер қауымдастығының 27-інші «WSCTS – 2017» Конгресі 1-3 қыркүйек күндері өтеді.

Жыл сайын WSCTS ұйымдастырушы комитеті келесі үш жылға конгрестің өткізу орнын дауысқа салу арқылы таңдап отырады. Қазақстан – посткеңестік кеңістігіндегі WSCTS Конгресін қабылдап отырған алғашқы ел.

Конгресс әлемнің 50 елінен келетін 1000-нан астам кәсіпқой маманның басын қосатын ауқымды алаңға айналады. Дәстүрлі іс-шараға қатысушыларды қызу пікірталастар, дүниежүзінің 50 жетекші кардиоторакалды хирургтерінің шеберлік сағаттары және дәрістері күтуде.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button