Атқарылған жұмыс – ауқымды

     Жуырда Жандос СӘРСЕНОВТІҢ төрағалығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.

   Жиын барысында кеңестің өт­кен жылы жүргізілген жұмысы қо­ры­тындыланып, кеңес хатшылы­ғының меңгерушісі Берік Ахметов атқарылған шаралар туралы сөз етті. Кеңес жұмысының негізгі мақ­саттарының бірі – сыбайлас жем­қор­лықтың алдын алу және қыз­меттік әдепке қатысты құқық бұ­зу­шылық профилактикасын жүр­гізу. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің беделін түсірен жайт­тардың алдын алу да алға қойыл­ған. Өткен жылы осы мақсаттарға жету барысында Қарағанды облысы бойынша Әдеп кеңесімен 11 отырыс өткізіліп, 79 мәселе қаралды. Соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің әдебіне қатысты 34 іс өндірісте болды.

    Берік Ахметов кеңестің былтырғы жылы 28 желтоқсанда өткен отырысында қаралған әдеп істері бойынша қабылданған шешімдердің орындалуы туралы да айтып өтті. Бұл отырыста сегіз мәселе талқыға түскен еді. Оның ішінде қабылданған шаралар туралы – 1 мәселе, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының баяндамасына қатысты – 4 мәселе, 4 тәртіптік іс және осы кеңестің 2017 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы сөз болды. Бұл ұсыныстардың барлығы толықтай орындалып, жүйелі жұмыс жүргізілді.

    Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – Қарағанды облысының мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссияларының 2016 жылғы жұмыс қорытындысын қарастыру туралы Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Ниет Арыстанбеков баяндама жасады. Өткен жылы комиссиямен 301 отырыс өткізіліп, соның ішінде жергілікті атқару органдарымен – 98 отырыс, аумақтық бөлімшелермен – 203 отырыс өткен. Комиссия ұсынысымен жергілікті атқару органдары – 50, аумақтық бөлімшелер – 173 мемлекеттік қызметші қатыстырды. Мемлекеттік органдар комиссиясы ережеге жай өткізілуде.

    Сонымен қатар, Кеңес жұмысы кезінде «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ-сі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытындысын қарастыру мәселесіне қатысты мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бөлім басшысы Дидар Смағұлов мәлімет берді. Бұдан бөлек, мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша өткен жылы қабылданған шаралар туралы департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Ердос Абдрахмановтың ақпараты тыңдалды. Мұнымен қоса, «Қарағанды қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі басшысы Сабыржан Даутбергеновке қатысты қозғалған тәртіптік іс сөз болды. Бұл туралы департаменттің бас маманы Бахтияр Макеев баяндама жасады.

   Отырыс соңында «Приозерск қаласының ветеринария бөлімі» ММ-сі басшысы Ботакөз Калмурзинаға қатысты қозғалған тәртіптік істі қаралды.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.