Атқарылған іс -ауқымды

     Өткен жылы ауданымызда ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Соның бірі – аудан орталығындағы стадионға жөндеу жұмыстарының жүргізілуі.

    «Жол картасы – 2020» бағдар­ламасы аясында қажетті қаржы бөлініп, ашық конкурс арқылы Қарағанды қаласының «Shantin» ЖШС-і жөндеу жұмысын жүргізу мүмкіндігіне ие болып, 7784 теңге қаржыға орындықтар толығымен жаңадан ауыстырылды. Бұрын 290 орындық болса, бүгінде 375-ке жеткізілді. Көрермендер отыратын жердің төбесі қалқаланып, футбол алаңына жарықтандыру жұмыстары жасалды. Сонымен қатар, «VIP-орны» толықтай қайта жаңғыртылды.

    Аудан орталығында бұдан да бөлек бірқатар істер атқарылуда. Атап айтар болсақ, орталық Шортанбай даңғылы бойын жарық тізбегілерімен безендіру жұмыстары қолға алынған.

     «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, мұндай жарықтандырғыш тартпалар тек қала көшелерінде ғана тартылып келген болатын. ЖК «Титов» жергілікті бюджет есебінен жүргізген көз ұялтып, көңіл шаттандыратын әсем жарқырағыштар түнде орталық көшеге сән беріп, таң атқанша жарқырап тұрады. Орталық көшеге мұндай көз тартар жарқырағыш тартпалардың 9-ы тартылды бүгінде.

М.ДӘУЛЕТБЕКҰЛЫ.

ШЕТ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.