Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа інісінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, – деп хабарлайды ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

– Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жерлеуге қатыспайды, – деді Берік Уәли.
Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев 71 жасқа қараған шағында қайтыс болғаны хабарланған еді.