Болат Назарбаев өмірден өтті
Болат Назарбаев қайтыс болды, деп хабарлайды ortalyq.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

– 13 қараша күні сағат 9:28-де жүрегі тоқтады. 23 минут ішінде реанимациялық іс- шаралар өткізілді, олар тиімсіз болып шықты, – деп хабарлайды дереккөз.
Болат Назарбаев Шамалғандағы ауыл шаруашылығы техникумын «механик» мамандығы бойынша және Қарағандыдағы заң институтын «құқықтану, заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Шамалған совхозында механик, директордың орынбасары болып жұмыс істеді, ұсақ мал терісін сату саласында кәсіпкерлік қызмет атқарды, «Инкар Агро» ЖШС вице-президенті болды.
2016 жылы Б. Назарбаев «Салиқалы ұрпақ» қайырымдылық ұйымын құрды.
2022 жылдың шілдесінде БАҚ Болат Назарбаевта пневмония, тромбоз және қант диабетімен асқынған көмей обыры табылғанын жазды.
4 қарашада БАҚ Болат Назарбаевтың ауыр жағдайы туралы жазған болатын. Тұңғыш Президенттің бауыры қайтадан инфарктпен ауруханаға жатқызылғаны, оның жағдайы ауыр және тұрақсыз екені айтылған еді.