Ресми

Ashyq тиімділігін көрсетті

Облыс аумағында Ashyq жобасы өз тиімділігін көрсетіп отыр. Бұл туралы Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Карантин және мемлекеттік қолдау жағдайындағы бизнестің жұмысы туралы» брифингте облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Татьяна АБЫЛАЕВА айтты.

Жобаға қатысушылар саны артты

Өздеріңіз білетіндей, 2 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысушыларға жаңа ережелер қолданылуда. Бұл бағдарлама сүзгі ретінде қызмет етеді, оның мақсаты қолайлы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жасау және адамдар көп жиналатын жерлерде вирус жұқтырған немесе байланыста болған адамдардың пайда болуына жол бермеу.

Аталған жоба алғашында қоғамдық тамақтану объектілерінде іске асырылды, және өзінің тиімділігін көрсетті. Барлығы 50 қатысушыдан бастау алды. Қазіргі уақытта Ashyq-пен 8 мыңға жуық нысан қамтылған, белсенділік бойынша Қарағанды облысы республикада Алматы мен Нұрсұлтан қалаларынан кейін 3-орында тұр.

22 шілдемен салыстырғанда қатысушылар саны 4,2 есеге (1895-тен 7959-ға дейін) өскен. Сонымен қатар, жобаның адал қатысушыларына көшбасшы мәртебесі беріледі, бүгінгі таңда өңірде 71 көшбасшы бар. Негізгі критерийлерге 2 аптадағы тіркелу саны жатады, соңғы 2 аптада Қарағанды қаласында 1000-нан астам және аудан, қалаларда 500 қоғамдық тамақтану орындары тіркелген.

Облыс орталығындағы сауда ойын орталықтарының-ның 25 000 тіркелсе, аудан, қалаларда 10 000-ны тіркелген.

Ақпарат жаңартылып, Қарағанды облысының әкімдігі мен Кәсіпкерлік басқармасының сайтында жарияланады, – дейді басқарма басшысы.

Көшбасшыларға жеңілдк бар

Ashyq жобасы бойынша жаңа алгоритмге сәйкес, жүктеуді Цифрландыру министрлігі адам факторын алып тастап автоматты түрде жүзеге асырады және одан әрі әкімдікке жібереді.

Мысалы, Ashyq жобасының көшбасшыларына жұмыс уақыты 22.00-ге дейін, ал қарапайым қатысушыларға сағат 20.00-ге дейін ұлғайтылды. Көшбасшы мәртебесінің ұзақтығы-2 апта. Сондай-ақ, жоба көшбасшылары үшін артықшылықтардың бірі соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, қызметкерлердің кемінде 90% бірінші компонентпен вакцинациялау шартымен объектінің толтырылуын 20% -ға ұлғайту болып табылады.

Бүгінгі таңда пилоттық жоба талаптарының орындалмауына байланысты 314 бизнес нысаны өшірілген. Жобадан шығарылуға 2 апталық жүктеу нәтижелері бойынша объектінің check-in минималды санын көрсетпеу фактісін анықтау, сондай-ақ мониторингтік топ анықтаған бұзушылықтар негіз болады, – дейді басқарма басшысы, – Айта кету керек, пилотқа қатысатын және Ashyq-қа қосылғандар арасында жеңілдік қарастырылмаған бизнес санаттары да бар. Бізде мұндай 594 нысан бар. Бұл бизнестің санасы мен әлеуметтік жауапкершілігін көрсетеді. Қазір бизнестің 145 жаңа нысаны тестілік режимде өтуде.

Күрделі эпидемиологиялық жағдай кезеңінде бизнестің толыққанды жұмыс істеу мүмкіндігін сақтаудың негізгі тәсілдерінің бірі – бұл Аshyq қосымшасын кеңінен пайдалану және вакцинациялау.

Бұл бизнестің кәсіпкерлік қызметтен пайда табу және азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында бизнес-процестерді қайта құрудың жалғыз тәсілі. Біз осы мәселе бойынша кәсіпкерлердің түсіністігіне және қолдауларына үміттенеміз. Бизнестің Аshyq-ты қолданудағы адал көзқарасы мен жауапкершілігі маңызды, – деп атап өтті Татьяна Абылаева.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button