Жаңалықтар

«АСАРДА» АЙТУЛЫ ІСТЕР БАР

     Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларының барлығында да еліміздің ауыл шаруашылық өнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері тыс қалған емес.Жасыратыны жоқ, елде жүзеге асырылған экономикалық реформа жылдары күйзеліске, қиындыққа аса қатты ұшыраған саланың бірі – ауыл шаруашылық өнеркәсіп кешені.

Шаруа қожалықтары мен тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылықтары өнімділігі жоғары, арнайы техника мен машиналарды алуға, білікті ауыл мамандарының қызметінен пайдалануға қаржылық мүмкіндіктері болмады.

Қазіргі таңда, агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына сәйкес ауыл шаруашылығының дамуына бірқатар жағдайлар жасалуда.

Соның бірден бір дәлелі – Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылдық округінде орналасқан “АСАР” шаруа қожалығындағы ілкімді істер. Қожалық табиғаттың тиімді факторларын ескере отырып, жел мен күннен қуат алатын электрстансаны пайдалануда.

Жасыл энергия украиналық “EuroWind” және Германиялық “Senergy” компанияларының құралдарымен өндірілуде және 25 жылға дейін кепілдік берілген. Бұл орнатылған стансаның күші 5 квт және қуатты арттыруға қосымша құрылғы сатып алынып, ешбір қиындықсыз жалғай отырып қол жеткізуге болады. Яғни, қуат өз қолыңызда. Кең байтақ даламыздағы күн сәулесі мен жел арқылы ешқандай шығынсыз өзіңізге қажетті электр қуатының өндірушісі болып шыға келесіз. Соның арқасында үйдің жарығы, теледидар, мұздатқыш және мал суару мәселесі тегін жүзеге асырылуда. Әрине, құрылғыны алғашқы орнату мәселесі қомақты қаражатты қажет етеді. Дегенмен, жоғарыда аталған Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына сәйкес 80%-ға дейін қайтарылымы қарастырылған.

АСАР” шаруашылық қожалығының “Әділ Заңгер” және “Alem Consalting” компанияларының қолдауымен жүзеге асырылған шаралар өз тиімділігі мен жемісін көрсетуде.

Жылқының жүрген жерін спутник арқылы бақылау үшін, әрбір үйірге АҚШ Қорғаныс министрінің тапсырысымен жасалған “SPOT” трекерлері орнатылған. Бұл трекерлердің басқалардан үстемдігі даладағы ұялы байланыстың желілік қамтуына тәуелді емес, тікелей спутник арқылы дербес жұмыс жасайды. Малдың иесі ұялы телефоннан, планшеттен немесе компьютерден малдың қай жерде және қай бағытта жайылып жүргенін тәулік бойы бақылай алады.

АСАР” шаруашылық қожалығының Жәйрем кентінен 60 шақырым қашықтықта орналасқанына қарамастан ұялы байланыстың күшейткіш құралдарын орнатудың арқасында барлық ұялы байланыс операторлары желісі жақсы жұмыс істеуде.

Ауыл шаруашылығына жаңа – заманауи, тиімді технологияны енгізуі – жұмыла көтерген жүк жеңіл немесе бірлік бар жерде тірлік бар дегеннің айқын көрінісі.

М.ӘЛЖАППАР,

Әділ заңгер” заңгерлік

кеңсесінің директоры,

заң ғылымдарының

кандидаты.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button