Қарағанды

Қаржылық бақылаудан – мемелекеттік аудитке

Осы жылы тексеру комиссия­ларының құрылғанына 5 жыл толады.

Өңірлердің тексеру комиссиялары бүгін күні тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жергілікті бюджетті жоспарлаудың және атқарудың сыртқы аудитін жүзеге асыратын тәуелсіз мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары болып табылады. Олардың құрылуы мен қалыптасуы еліміздің қаржылық бақылау жүйесінің ұзаққа созылған даму жолының нәтижесі болды.

Қазақстан тәуелсіздігінің ал­ғашқы жылдарында мем­лекеттік қаржылық бақылауды Қаржы министрлігінің бас бақылау-тексеру басқармасы, кейін Қа­зақстан Республикасының Мем­лекеттік қаржы бақылау комитеті жүзеге асырған.

Мемлекеттік қаржылық ба­қылауды ұйымдастыру прин­циптері және оның органдар жүйесі – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган, мәслихаттардың тексеру комиссиялары алғаш рет 2004 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалды. Орталық мемлекеттік органдарда басқа құрылымдық бөлімшелерден ұйымдастырушылық және функционалды жағынан тәуелсіз және басшысына ғана есеп беретін ішкі бақылау қызметтері құрылды. МҚБ органдарының негізгі міндеті бұзушылықтарды анықтау және ден қою шараларын қолдану болды.

Сыртқы қаржылық бақылау органдарын одан әрі нығайту және күшейту қажеттілігі 2007 жылдың ақпанында Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2030» Стратегиясы: Қазақстан дамуының жаңа кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалды. 2011 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің «Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы» Жарлыққа қол қоюы жергілікті жерлерде тексеру комиссияларын тәуелсіз мемлекеттік органдар ретінде құру және оларды қалыптастыру үшін бастама болды.

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы Қарағанды облысы әкімдігінің 2011 жылғы 6 қыркүйектегі қаулысымен құрылды.

Сыртқы қаржылық бақылау органы ретінде, оның негізгі міндеттері құрылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін: Қазақстан Республикасының бюджет жүйе­сінің қағидаттарына сәйкес, жергілікті бюджетті жоспар­лаудың және атқарудың тиімділік аудитін жүргізу; оның нәтижелері бойынша есепті қаржы жылы үшін жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп дайындау; мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына сәйкестік аудитін жүргізу болып қалып отыр.

Тексеру комиссиясы алдында тұрған міндеттерді тиімді іске асыруға тексеру комиссиясы мамандарының кәсібилігі арқасында қол жеткізеді.

Мамандардың үштен екісінде экономика, қаржы және құқық саласында 10 жылдан астам мемлекеттік қызмет өтілі бар.

5 жыл ішінде тексеру комиссия­сының 45 қызметкері Есеп комитетінің Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталығында; Мемлекеттік қызмет академиясында; Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру аймақтық орталығында (Қарағанды қаласы), Анкара қаласы (Түркия Республикасы) және Тегеран қаласы (Иран Ислам Республикасы) біліктілікті арттыру курстарында оқыды.

Қызметі бойынша перспективалы қызметкерлердің жоғары лауазым­дарға көтерілуі, жас мамандардың тексеру комиссиясының тәжірибелі қызметкерлері қатарынан тәлім­герлердің қадағалауында тағылым­дамадан өтуі қамтамасыз етіледі.

Тексеру комиссиясының қалып­тасуы мен дамуына елеулі үлес қосқандар: Алмагүл Тайманқызы Өсерова, Владимир Федорович Самойлюк, Құралай Мәдешқызы Бекмағамбетова, Айман Сағым­бекқызы Қасымова, Жаролла Ыс­қақұлы Ысқақов.

Қаржылық бақылау жүйесін жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі – білімін растау және Сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның оң қорытындысын алу арқылы мемлекеттік аудиторларды тәуелсіз сертификаттау жүйесін енгізу. 2015 жылдың желтоқсанында қабылданған «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары, алдыңғы жылдары жүзеге асырылған қаржылық бақылауға қарағанда, аудиторларды бюджет қаражатын пайдаланудағы және басқарудағы бұзушылықтарды анықтаумен қатар, олардың себептері мен жүйелілігін белгілеуге, заң­нама талаптарын сақтамау фактілерінің алдын алуға және оларды барынша азайтуға жағдай жасауға бағыттайды. Тексеру комиссиясы 5 жыл ішінде жүргізген аудиторлық іс-шаралардың нәти­желері бойынша анықталған бұзушылықтар сомаларының үш­тен екісі – бюджет қаражатын және активтерін пайдаланудағы бұзу­шылықтар.

Бұл – шығыстарды жос­парлаудың, бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есептілікті жасаудың, құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүзеге асырудың белгіленген тәртібін сақтамау.

Осындай бұзушылықтардың негізгі себептері аудит объекті­леріндегі мамандардың және бухгал­терлік қызметкерлердің кәсіби деңгейінің жеткіліксіздігі, олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын нашар білуі; бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің уәкілетті органдары тарапынан бюджет қаражатының пайдаланылуын тиісінше бақылаудың болмауы болып қалып отыр.

Әрбір аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша аудит объектілеріне орындауға міндетті тапсырмалар мен ұсынымдар жіберіледі.

Тексеру комиссиясының ауди­торлық қызметі Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Мұндай өзара іс-қимыл аудит объектілерінің жылға арналған тізбесін келісу, аудиторлық нәтижелерді өзара мойындау және жол берілген қаржылық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту шараларын қолдану арқылы іске асырылады.

Мемлекеттік аудит бүгін күні қаржы тәртібін нығайтудың, бюджеттік ресурстарды және мемлекет активтерін басқарудың тиімділігін арттырудың пәрменді тұтқасы болып отыр.

Қарағанды облысы

бойынша

тексеру комиссиясы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button