Шет

«Қарттарым, аман-сау жүрші!»

    Жыл сайын елімізде Қарттар күні тұрақты аталып өтіледі. Әрқашанда қоғам аға буын өкілдеріне зор құрмет көрсетіп, олардың аса құнды кеңестері мен ақыл парасатын, ғұмырлық ғибратын үлгі тұтатын болғандықтан аса қастерлі мейрам. Бұл тәуелсіз еліміздің дамуына және қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан аға ұрпақ өкілдеріне деген еліміздің үлкен құрметінің, зор қамқорлығының белгісі.

Шет ауданы орталығындағы «Ақсу-Аюлы» мейрамханасында қарттарға арналып түскі ас берілді. Біздің қарияларымыз – еліміздің алтын қоры, салт-дәстүрдің шырақшылары, патриотизм мен іске адалдықты, асқан төзімділік пен табандылықты қалыптастырушы буын. Осынау шараға аудан әкімі М.Жандәулетов те арнайы қатысып, қарияларды құттықтады. Қарттар күніне аудандық мәдени-сауық орталығының өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды. Жасы егде тартқан, жүздерінен жылдар өз ізін қалдырған аяулы қарттарымызға көптеген жылы сөздер айтылған. Басқосуда аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Қ.Сейілбеков, аудан әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі төрайымы Р.Төлегенова, «Аманат» мүгедектер қоғамының төрағасы А.Қасым Қарттар күнімен құттықтап, осындай қайырымдылық шарасын өткізуге бастама көтерген аудан әкімдігіне ризашылықтарын білдірді.

Қарттар күніне орай өткізілген қайырымдылық іс-шарасына шаруа қожалығының жетекшілері – С.Шохабаев, М.Омарбеков, С.Қасым, Н.Сәкенов, Е.Халилиндер қой берсе, аудан мекемелері қаржылай, басқа да қолдан келетін көмектерін аямады. Өздеріне көрсетілген ықылас пен қошеметке риза болған қарттар мен ақжаулықты аналар алғыстарын білдірді. Қоғамымыздағы бейбітшілік, тұрақтылық пен тыныштық біздің балаларымыз бен немерелерімізге ертеңгі күнге деген сенімді кепіл, әрі аға ұрпақтың тамаша дәстүрлерін келешекте жалғастырып, байыта түсулеріне мүмкіндік береді, – деген сенім әр көңілде атойлап тұрғаны анық.

Б.ТОЙШЫБЕК.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button