Шет

Қарттардың қоғамға берері мол

Кез келген ел мен қауымның қоғамдық-саяси және әлеуметтік даму деңгейі оның балалар мен әйелдерге, қарттар мен мүгедектерге жасайтын қамқорлық дәрежесімен өлшенетіні белгілі.

Кеңес үкіметі билігінің демократияға бет бұрған соңғы жылдарында дүниеге келген ардагерлер ұйымына 30 жыл болыпты. Республикада 1987 жылы құрылған бұл ұйым қоғамымызда бірден үлкен беделге ие болды. Соғыстың от-жалынынан өткен, қиындықтарға мойымай қайнаған еңбекте шыңдалған, көрген-түйгені көп, өз қолдарымен елдің іргесін қалаған ардагерлер қашанда халықтың сүйіспеншілігіне бөленген жандар.  Қазіргі уақыт та, 5246 зейнеткерді біріктіретін 24 ауыл-кент округінде ардагерлер ұйымдары жұмыс істейді. Аудандық ұйым құрамында 2 соғыс ардагері және 119 тыл еңбеккерлері бар. Еліміз тәуелсіздік алған соң ардагерлер ұйымдары өз жұмыстарын бұрынғыдан да белсенді жүргізе бастады.

Расында, ардагерлер елде, өз ауданымызда болып жатқан барлық саяси, қоғамдық және жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу шараларына белсене араласады. Оның ішінде, ақсақалдар латын әліпбиіне көшуге байланысты өтіп жатқан жиындардың белсенді қатысушыларына айналған. Бүгінде аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы болып аудан басшыларының қатарында болған Әділхан Смағұлов сайланған болатын. Халқымыз «қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтпаған. Жас ұрпаққа ақыл-кеңес беруде, оларға ана тілін үйретіп, ұлттық салт-дәстүрге баулуда өмір тәжірибесі мол қариялардың үлкен рөл атқаратыны ақиқат.

Ертай ЖӘНІБЕКОВ, зейнеткер.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button