«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының автобусы қоршауға соғылды
Бүгін таңертең Бұқар жырау даңғылында жол апаты орын алды.
Полицияның мәліметінше, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі жұмыс автобусының жүргізушісі кенеттен өзін нашар сезініп, әлсірегеннен көлікті тізгіндеуге шамасы жетпей қоршауға соғылған. Автобустың іші бос болған. Автобус жүргізушісі жұмысшыларды жинауға енді шыққалы жатқан, сондықтан апаттан зардап шеккендер жоқ.
– 8 тамызда таңғы сағат 7.30-да Бұқар жырау даңғылында денсаулығының нашарлауына байланысты 51 жастағы Yutong маркалы жұмысшы автобусының жүргізушісі қоршауға соғылды. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ, автобус бос болған. Факт полицияда тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процесуалдық шешім қабылданады, деп түсіндірді облыстық полиция департаменті.
Жүргізушінің өзі жол-көлік оқиғасынан ешқандай жарақат алған жоқ. Қазір дәрігерлер жүргізушінің денсаулығының күрт нашарлауына не себеп болғанын анықтауда.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz