ЖаңалықтарҚарағандыМәселе

Қарағандыны қою түтін басып тұр

Бұл жағдайды экологтар желдің болмауымен байланыстырып отыр. Сонымен қатар, өңірдегі аяздың күшеюінен жеке сектор тұрғындары пеш жағуды жиілеткен. Соның салдарынан қаланы қою түтін басып алған. Қазір тиісті сала мамандары қоршаған ортаға таралып жатқан түтіннің құрамын анықтауда.

– Біз негізінен ауаға таралатын шаң-тозаң мен күйенің мөлшерін анықтаймыз. Қазір мамандарымыз қаланың 6 нүктесінен ауа сынамасын алып жатыр. Нәтижесін қосымша хабарлаймыз, – деді облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары Дархан Есжанов.

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button