Жаңалықтар

Қарағандының арнайы қызметтері қысқа қаншалықты дайын?

Еліміз бойынша «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтуде. Осы шара аясында бүгін Ә.Бөкейхан ауданы, №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бекеті ғимаратының алдында  облыстық құтқару бөлімшелері техникаларының қысқа дайындығы пысықталды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысов арнайы қатысты.

Сурет: qyzyljarnews.kz сайтынан

«Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға мемлекеттік органдар мен азаматтық қорғау жүйесінің күштерін дайындау» тақырыбында өткен оқу-жаттығу жиынында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Қатпанов әкім орынбасарына сатып алынған техникалар мен қолда бар техникалардың жай-күйі  туралы баяндады.

– Түрлі төтенше жағдайларға жұмылдырылатын авариялық-құтқару бөлімшелері үшін оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Оған Полиция бөлімшелері, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жол ұйымдары, әскери-құтқару қызметтері, министрліктің іздестіру бөлімшесі, Апаттар медицинасы орталығы қатысты. Жергілікті бюджет есебінен де, республикалық бюджет есебінен де барлық бөлімшелердің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Өткен жылы жедел-құтқару бөлімшелеріне жоғары қабілетті әскери-құтқару техникаларын алдық, – деді департамент басшысы.

Сондай-ақ, медициналық пункт, тамақтандыру пункті және орналастыру орталығының жұмысы да көрсетілді.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button