Спорт

Қарағандылықтар тас-түйін дайын

Қарағандыда дәстүрлі түрде өтетін үстел теннисінен тірек-қимыл аппаратының зақымдануы (ТҚАЗ) бар спортшылар арасында ашық республикалық турнир өтеді. 10 облыстан 50 спортшы қатысады деп жоспарлануда. Оның ішінде облыс атынан қатысатын 15 спортшы бар.

 

Аталмыш турнир облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Жан Дос» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастар» спорт кешенінде өтеді деп жоспарлануда. Қарағандылықтардың құрамында төрт спорт шебері, Қазақстан және Азия чемпиондары бар. Қазіргі таңда спортшыларды мүгедектер спорты бойынша облыстық мамандандырылған мектептің жоғары санатты жаттықтырушысы Дархан Тілемісов арнайы дайындауда.

– Турнир ХІ мәрте өткізілуде. Бұрын ол тек арбаға таңылған спортшыларға арналған еді. Биыл параспортшылардың барлық санатындағы спортшылардың  қатысуымен екінші мәрте өткізілуде. Биылғы турнирде кіл мықтылар өнер көрсетеді. Қазақстан құрамасының барлық мүшесі және халықаралық ойындарға қатысушылар болады. Жақсы тәжірибе алмасу, шеберлікті арттыруға мүмкіндік болады. Біздің міндет – осы турнирдің деңгейін көтеру, – деді Дархан Тілемісов.

Артем Вайманның мұндай аламан додада бақ сынауы бірінші мәрте емес. Ол бұған дейін Қазақстан чемпионатын үш мәрте ұтқан. Әрі, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері.

 

– Стол тенисімен 2009 жылдан бері шұғылданып келемін.  ТҚАЗ мектеп-интернатында оқыдым. Әу баста алдымда «жүзу немесе теннис» деген таңдау болды. Өкінішке қарай, жүзуге бейімделе алмадым. Ал, тенниске бірден төселіп кеттім. 2015 жылдан бастап өмірімде үлкен өзгерістер болды. Жүлделі орындардан көріне бастадым. Қазірдің өзінде «жеңіске жетемін» деп ойнаймын. Құр ойнамай, әр ойынымнан ләззат алып ойнаймын, – деді  23 жастағы қарағандылық спортшы Артем Вайман.

Турнир қорытынды бойынша, жеңімпаздардан облыс құрамасының командасы құрылады.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button