Бас тақырыпБілім

Қарағандылық ұстаздар үздік шықты

ҚР Білім Министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын мұғалімдер арасында «Математикалық регата» республикалық олимпиадасынын ұйымдастырады. Биыл V мәрте ұйымдастырылып жатқан байқауға Қарағанды облысының атынан «Сарыарқа_09» математика мұғалімдерінің командасы қатысып, І орын иеленді.

Сурет: облыс әкімдігінен

Аталған олимпиадаға елдің барлық өңірінен 22 команда қатысқан. Бұл қатарда «Назарбаев» зияткерлік мектебі мен республикалық физика-математикалық мектебінің өкілдері бар. Ал, қазылар құрамында педагог-практиктер және жоғары оқу орындарының оқытушылары бар.

«Сарыарқа_09» командасының құрамында Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ математика пәнінің оқытушысы Ақниет Ілиясов, «Дарын» ММЛИ математика пәнінің мұғалімдері Нұрсара Мақсұтова мен Бейбігүл Аймағанбетова және Саран қаласының №1 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Наталья Медведева бар.

– Олимпиадаға облыстағы үш мектептің оқытушылары қатысты. Байқау ІV кезеңнен тұрды. Әр тур үш тапсырмадан. Барлық тапсырмалар ерекше. Белгілі бір уақыт ішінде тапсырмаларды орындап, командамызбен бірге жұмыс істедік. Нәтиже әр кезеңде жиналған ұпай санына байланысты болды. Команда капитаны – Ақниет Ілиясов, – деді Нұрсара Мақсұтова.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button