Қарағандылық спортшы Ислам Бозбаев Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Қарағанды облысының тумасы Ислам Бозбаев дзюдодан Азия Чемпионатында 100 келіге дейінгі санатта сәтті өнер көрсетті. Спортшы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Құрлықтық біріншілік Нұр-Сұлтанда өтті. Турнирге 19 елден 200-ге жуық дзюдошы қатысты. Олардың қатарында Қытай, Тайбэй, Гонконг, Үндістан, Жапония, Кувейт, Қырғызстан, Ливан, Моңғолия, Пәкістан, ҚХР, Филиппин, Катар, Корея Республикасы, Тәжікстан, БАӘ, Өзбекстан, Вьетнам, Йемен және Қазақстан бар.
Жартылай финалда Ислам Бозбаев Отабек Турабоевтан (Өзбекстан) басым түсті. Қарағандылық спортшы алтын медаль үшін Джафар Костоевпен (БАӘ) күш сынасты. Қарсыласы 1 ұпаймен басым түсті. Нәтижесінде Ислам Бозбаев Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Айта кету керек, IJF ережелері бойынша құрлықтық біріншіліктің үздік дзюдошыларына олимпиадалық рейтингте ұпайлар қосылады. Атап айтқанда, жеңімпаз – 700 ұпай, 2 орын – 490 және 3 орын – 350 ұпай алады.