Жаңалықтар

Қарағандылық хайуанаттар бағында өзгерістер орын алады

Қарағандылық хайуанаттар бағында үлкен өзгерістер болмақ. Мұнда жаңа ғимарат, қаумалдар, қашалар, жасанды өзендер мен көлшіктер пайда болуы тиіс. Сонымен қатар жануарларды ұстау және көрсету принциптері де толығымен өзгертіледі деп көзделуде.

Қайта құру жоспарын «Гражданпроект» институтының қызметкерлері зоолог мамандардың қатысуымен құрастырды. Осы жоспарға сай хайуанаттар бағының аумағында орналасқан жөндеуге келмейтін ескі, апаттық ғимарат бұзылды. Оның орнына жануарларды қысқы уақытта сақтау үшін жабдықталған жаңа ғимарат салынады. Ол заманауи хайуанаттар бақтары құрылысы принциптеріне сәйкес жобаланған. Павильондар климаттық құрылғылармен жабдықталады. Қаумалдар мен торлардың ішкі дизайны эстетикалық тұрғыда ғана емес, инновациялық талаптарға сай жасалуы тиіс.

Жоспар бойынша жаңа ғимараттағы орталық кіреберіс жоспар бойынша үш қабатты атриум ретінде жасалады. Бірінші қабатта келушілер қолтырауындар мен тасбақаларды тамашалай алады. Екіншісінде – аквариумдардағы балықтар, рептилиялар мен құстар орналасады. Үшінші қабатта 46 адамға шақталған көрме және мәжіліс залдары болады.

Ғимарат жобасында сондай-ақ киім ілетін жерлер мен дәретханалар, әкімшілік және қосымша бөлмелер, кір жуатын бөлме, жем даярлайтын ас үйі, ірі және ұсақ жыртқыштар, приматтар, құстарға арналған қысқы және жазғы қаумалдар, сондай-ақ жабдықтар мен сантехникалық құралдар орналасқан техникалық кіреберістер орналасады.

Болжалды құрылыс мерзімі – 16 ай.

Қарағандылық хайуанаттар бағы – Қазақстандағы ең ескі үш зообақтың бірі, мемлекеттік маңызы бар парк. 1938-ші жылы негізі қаланған, 
2013-ші жылдан бастап ЕААЗАҚ халықаралық ұйымының құрамына еніп, жақын және алыс шет елдердің көптеген зообағымен серіктеседі. 
Қарағанды Мемлекеттік зоологиялық бақ – типтік, сирек кездесетін және жоғалу қаупі бар жануарлар түрін жасанды орта жағдайында тектік қорын сақтап қалу және өсіріп, көбейту, мәдени-ағартушылық, ғылыми, оқу және табиғатты қорғау іс-әрекеттеріне арналғантабиғатты қорғау және ғылыми ұйым дәрежесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. 
Хайуанаттар бағы табиғи аумақтарды басқару бойынша ұлттық және халықаралық бағдарламаларға (мемлекеттік стратегиялар, «Адам және биосфера» ЮНЕСКО бағдарламасы, халықаралық конвенциялар және т.б.), сирек кездесетін жануарлар түрлерін сақтап ақлу және қайта жандандыру бойынша бағдарламаларға белсенді түрде қатысады, Бельгия, Германия, Ресей және басқа да елдердің тәлімгерлерімен және асыл тұқымдылар кітабын құрушылармен хат алмасып отырады. 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі
 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button