Жаңалықтар

Қарағандылық «Ақжелең» домбырашылар ансамблі Халықаралық фестивальде Гран-при иеленді

Қырғызстанда дәстүрлі түрде өтетін «Ыстықкөл достарды жинайды-2023» Халықаралық этнокарнавалының биылғы маусымы жабылды. XIII мәрте өткізілген байқауға Қарағандыдағы №2 Балалар музыка мектебінің «Ақжелең» домбырашылар ансамблі қатысып, Гран-при жеңіп алып, Австрия, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елінен қатысқан 400-ден астам үміткерлердің ішінен үздік шықты.

Домбыра

Этнокарнавалды Бішкек қаласындағы «Балажан» республикалық эстетикалық тәрбие орталығы ұйымдастырды. Этнофестиваль аясындағы конкурс түрлі номинациялар бойынша өткізілген. Жерлестер «Халық ансамблі» аталымында сынға түсті.

– Домбырашылар ансамблі 5-тен 9-сыныпқа дейінгі 10 оқушыдан құралған. Бірақ, оның алтауы ғана Қырғызстанға барды. Байқауда Қырғыз композиторы Атай Огонбаевтың «Маш ботой», Дина Нұрпейісованың «Науаи» туындысын орындадық. Осылайша, «Ақжелең» ансамбліні жағары деңгейде өнер көрсетіп, жеңіске жетті. Айта кетейік, бұл ансамбльдің халықаралық деңгейдегі алғашқы марапаты, – дейді ұжым жетекшісі Жәнібек Қазыбекұлы.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button