Бас тақырып

Қарағандыда жылыту маусымы қашан аяқталады?

Қарағанды облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы жылыту маусымын аяқтау кестесін хабарлады. Ең алғаш болып жылу Балқаш қаласында ажыратылды. Қалған қала және аудандарда жылыту маусымын сәуір айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Сурет kz.kursiv.media

Қарағанды қаласында жылуды 25 сәуір күні ажырату жоспарланып отыр. Приозерск қаласында – 14 сәуірде, Ақтоғай және Нұра аудандарында – 15 сәуірде, Осакаров ауданында – 21 сәуірде, Теміртау, Шахтинск қалаларында және Бұқар жырау ауданында – 25 сәуірде, Абай, Шет аудандарында және Саран қаласында – 30 сәуірде, ал Қарқаралы ауданында – 1 мамырда тоқтатылады.

Айта кетейік, жылу берудің тоқтатылуы туралы шешімді тиісті әкімдіктер қабылдайды. Бұл үшін сыртқы ауаның тәуліктік орташа температурасы +10 градустан жоғары және тұрақты болуы қажет.

Егер тұрғындар жылу беру маусымын белгіленген мерзімнен бұрын тоқтатқысы келсе, көпқабатты үй тұрғындары көршілерінен келісім жинап, өтінішті басқарушы компания төрағасына тапсыра алады. Кейін бұл құжат қызмет көрсетуші ұйымға жолданады. Егер көпқабатты үйде жалпыүйлік жылу есептегіш құрылғы орнатылған болса, онда тұрғындар өз бетімен жылу беруді тоқтата алады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button