Жаңалықтар

Қарағандыда жылу желісіндегі ақау жойылды

Гоголь мен Абай көшелерінің қиылысында диаметрі 800 мм болатын құбырдан ақау шығып, «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС жұмысшылар бригадасы ақауды жойды. Қаланың орталық бөлігіндегі тұрғындар жылу температурасы төмендетілген режимге көшірілген болатын.

Сурет: 2GIS

Қазіргі таңда дәнекерлеу жұмыстары аяқталып, жылу жүйесіне су құйыла бастады. Жақын арада гидравликалық және температуралық жағдайлар қалпына келтіріледі.

Сондай-ақ, «Қарағанды ​​Энергия орталығы» ЖШС ЖЭО-1 мен ЖЭО-3 қалыпты жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button