Жаңалықтар
Қарағандыда бірнеше үйде жылу желісінің режимі төмендетілді
Қарағандыда «Жауынгер интернационалистер» көшесінде диаметрі 500 мм болатын жылу желісінде ақау пайда болып, уақытша жылу желісінің режимі төмендетілді. Қазір ақауды жою мақсатында тиісті мамандар жұмыс істеуде.

Нақтылап айтсақ, Жауынгер интернационалистер, Ержанов, Ботаническая, Бұқар жырау, Ермеков көшесіндегі 80 үй мен 53 нысанда жылу желісінің режимі төмендетілген. «Жөндеу жұмыстары кешке дейін аяқталады» дейді мамандар. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң температуралық және гидравликалық режим қалыпқа келтіріледі.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz