Жаңалықтар

Қарағандыда жоғалған 7 жастағы бала табылды

Оқыс оқиға кеше, 11 қыркүйек күні кешкі сағат 19.00 шамасында болған. Ефрейтор Еламан Жаркеев пен ефрейтор Абзал Құрманбай үйлеріне қайтып келе жатып, «Самал» базары маңында 7 жасар баланы кездестірген.

 

Бала жол жүруге ақша сұраған. Әңгіме барысында баланың жоғалғаны белгілі болып, Еламан Жаркеев полицияға хабарлаған.

«Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының Ұлттық ұландары жоғалған баланың ата-анасына хабарласып, мекенжайды айтып, аман-есен тапсырды.

Баланың анасы 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне көрсеткен көмегі үшін шексіз алғысын білдірді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button