Жаңалықтар

Қарағандыда жүзге тарта автобус жүргізушісіне айыппұл салынды

Қарағанды қаласында жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «АВТОБУС» республикалық жедел алдын алу шарасы өтті, деп хабарлайды Ortalyq.kz

Қаңтар айының 17-19 күндері аралығында өткен шара барысында полицейлер жол ережелерінің  сақталуын, қоғамдық көліктердің техникалық ахуалын назарға алды. Сонымен қатар, Қарағанды қаласы әкімдігінің және Көлік бақылау инспекциясы өкілдерімен бірлескен рейд жүргізді.

Үш күнге созылған шара барысында жол ережесін бұзған 100-ге тарта автобус жүргізушісіне хаттама толтырылылды. Сондай-ақ, жолаушы тасымалын ұйымдастырушы екі мекемеге айыппұл салынды. Тексеру барысында жүргізушілердің көлік тізгінінде отырып ұялы телефонмен сөйлесетіні, қауіпсіздік белдігін тақпайтыны анықталды.

Басқа материалдар

Back to top button