Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыдағы орталық әмбебап дүкеніне тағы да жарылғыш зат “қойылды”

Бүгін сағат 10.40-та 102 нөміріне белгісіз біреу орталық әмбебап дүкеніне жарылғыш зат қойылғанын хабарлап, қоңырау шалған.

Сурет: nv.kz

Оқиға орнына дереу барлық төтенше жағдайлар қызметі: полицейлер, құтқарушылар мен дәрігерлер жетті.

– Полиция қызметкерлері ғимаратты толық тексеріп шықты, алайда жарылғыш зат табылмады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары лаңкестік актісі туралы жалған қоңырау шалған адамды іздестіріп жатыр, – деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Back to top button