АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағандыда су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жинау жалғасуда

Қазақстан халқы Ассамблеясы жариялаған «Жүректен жүрекке» республикалық акциясы аясында Қарағанды қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау жөніндегі өңірлік штаб жұмысын жалғастыруда.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Бүгінгі таңда Қарағанды штабының жинау пунктіне 3,5 тонна ұн, 545 келі макарон, 305 литр өсімдік майы, 257 келі күріш, 255 келі қарақұмық, 189 келі қант, 248 литр жуғыш зат, жеке гигиена құралдары, резеңке етік, төсеме-шатыр және т.б.жеткізілді.

Гуманитарлық көмек қабылдау жұмысы одан әрі жалғасады.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін резеңке қайықтар, төсеме-шатырлар, төсеме-қапшықтар, резеңке етіктер, матрацтар, жастықтар, көрпелер, төсек-орын жабдықтары, электр құралдары, генераторлар, құм дорбалары, прожекторлар, фонарьлар (шахтерлер басына киетін фонарьлар), күректер, орамдағы полиэтилерон пленкалары қажеттігіне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, гуманитарлық көмек жинау пункті Қарағанды қаласы, Шахтер даңғылы, 64 мекенжайындағы «Достық үйі» ғимаратында орналасқан.

Достық үйі өкілдерінің байланыс телефондары:
8707 872 89 28
8 775 921 19 20

Қаржылық көмек көрсетуді қалайтындар үшін шот деректемелері:
Атауы: ҚР Қызыл Жарты Ай ААҚ КОФ
ЖСН (БСН): 950241002154
КБе: 18
Банктің атауы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
БИК: HSBKKZKX
ЖСК: KZ056017191000006681

 Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button