АймақЖаңалықтар

Қарағандыда құрылыс материалдарын ұрлаған күдікті ұсталды

Қарағандыда криминалдық полиция қызметкерлері салынып жатқан жеке үйден құрылыс материалдарын ұрлады деген күдікпен 36 жастағы ер адамды ұстады. Нысан 40 жастағы қала тұрғынына тиесілі. Құрылыс материалдарының қолды болғанын анықтаған үй иесі полицияға арызданған.

Сурет: kaz.inform.kz

Жедел іске кіріскен тәртіп сақшылары күдіктінің кім екенін анықтап, қолға түсірді. Күдікті ұрланған мүлкін пайдаланып үлгермегендіктен жәбірленушіге қайтарылған. Қазіргі таңа қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button