Жаңалықтар

Қарағандыда қоғамдық көлік қағып кеткен ер адам дөңгелек астына өзі секірген

Кеше орын алған жол-көлік оқиғасына қатысты жаңа мәлімет пайда болды. 

Әлеуметтік желіде көшедегі бейнебақылау камерасына жол көлік апаты түсіп қалған бейнежазба пайда болды. Бейнежазбада алдымен ер адамның бағдаршамның жасыл түсі жанғанын күтіп тұрғандай жаяу жүргіншілер өткелінде тұрғанын көруге болады. Содан кейін кенеттен қатты жылдамдықпен келе жатқан қоғамдық көлік дөңгелектерінің астына секірген.

Бейнежазбаны облыстық полиция департаменті растады.

– Қозғалған қылмыстық істің негізінде оқиғаның мән-жайы нақты анықталатын болады, – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, кеше сағат 10:50-де Бұқар жырау даңғылындағы «Шығыс» базары ауданында автобус жаяу жүргіншіні қағып кеткен болатын. Нәтижесінде 45 жастағы ер адам оқиға орнында қайтыс болды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button