Жаңалықтар

Қарағандылық тұрғынды автобус басып кетті

Қарағандыда 39 жастағы автобус жүргізушісі 45 жастағы ер адамды қағып кетті. Өкінішке қарай, жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

Сурет: Облыстық полиция басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

 Оқиға Бұқар жырау даңғылы бойында орын алған.

– Оқиға кезінде автобуста 15 жолаушы болған. Жолаушылардың ішінде зардап шеккендері жоқ. Алайда, 45 жастағы азамат оқиға орнында қаза болды. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Көлік жүргізушілеріне қала ішінде жылдамдықты шектен тыс асырмауын сұраймыз. Ал, жолаушылар жолдан өтер кезде тек жаяу жүргіншілер жолағымен өткен абзал, – облыстық полиция басқармасының мамандары.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button