Бас тақырып

Қарағандыда үй өртеніп, екі бала қаза тапты

Қарағандыда болған өрт салдарынан 2 және 4 жастағы екі бала қаза тапты.

Сурет: arna-news.kz

9 қаңтарға қараған түні Пришахтинская көшесіндегі тұрғын үйде өрт шыққан. Көміртегі тотығынан улану және күйік салдарынан 2 және 4 жастағы екі бала қаза тапқан. Ал 7 және 9 жастағы екі бала өртенген үйден өз бетінше шығып үлгерген, олар ауруханаға жеткізілді. 

– Жеке тұрғын үйдің бір бөлігінде шатыр, төбе және үйдегі заттар өртенген. Құтқарушылар келгенге дейін 2017 және 2015 жылы туған екі бала өздігінен шығып үлгерген, алдын ала мәлімет бойынша олар көміртегі тотығынан улану диагнозымен балалар ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнына дереу келген өртсөндірушілер 1964 жылы туған әйелді құтқарды. Ол улану, күйік диагноздарымен Мақажанов атындағы клиникаға жатқызылды. Сондай-ақ, құтқарушылар 2020 және 2022 жылы туған екі баланың денесін тапты, – деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button