Бас тақырыпЖаңалықтар
Қарағандыда халықты құлақтандыру жүйесі тексеріледі
8 қазанда сағат 10:00-де Қарағанды қаласында барлық қолданыстағы дыбыстық электр сиреналары қосылады.

Тексеру аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын бағалауға бағытталған кешенді оқу-жаттығу аясында өтеді. Сиреналар «Баршаңыздың назарыңызға!» сигналы бойынша іске қосылады.
Тұрғындар мен қала қонақтарынан сабыр сақтап, дүрбелеңге салынбау және жалған ақпаратқа ермеу сұралады. Ресми хабарламаларға назар аудару қажет.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласуға болады.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



