Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда халықаралық ақындар айтысы өтіп жатыр

Бүгін сағат 10.30-да Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойының құрметіне өткерілмек халықаралық айтыс ақын атындағы театр алдында салтанатты түрде ашылды. Онда Қырғызстан, Қытай, Моңғолиядан келген ақындармен қатар, Қазақстанның түпкір-түпкірінен жиналған айтыскерлердің аттары аталып,  қызыл кілем үстімен халық алдынан өтті. Қазылар алқасының құрамы салтанатты жағдайда таныстырылды.

Сәкен Сейфуллин мерейтойына арналған халықаралық айтыстың ашылу салтанатында облысы әкімі Ерлан Қошанов құттықтау сөз сөйлеп, жыр жүйріктеріне сәттілік тіледі.

“Ақындардан құрғақ сөз емес, ой, рух додасын күтеміз. Айтыс деген  – сенім, халық басқаға сенбеуі бар, ақынға сенеді. Себебі, ақын жүректен сөйлейді. Ауыз, құлақ, көз алдауы мүмкін, жүрек алдамайды”, – деді Ерлан Жақанұлы. 
Аймақ басшысы сондай-ақ айтыс өнеріне өлшеусіз еңбек сіңірген Жүрсін Ерманның есімін ерекше атап өтті.
Облыс әкімінен соң айтыстың тізгінін ұстаушы Жүрсін Ерман шықты сахнаға. Ол айтыстың алғашқы жұбы, қос ақын – Төлеген Жаманов пен Бауыржан Шермиденді сахнаға шақырып, жыр додасын бастап жіберді.

Басқа материалдар

Back to top button