Қарағандыда дәстүрлі «Индустриальная Караганда» газетінің жүлдесіне эстафета өтеді
4 мамыр күні Қарағандыда облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің дәстүрлі жеңіл атлетикалық 77-ші эстафетасы өтеді. Жарыс Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 79 жылдығына арналып өткізіледі.

Жарысқа оқушылар, студенттер, спорт клубтарының өкілдері, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың, қаржы мекемелерінің, күштік құрылым қызметкерлері, ардагерлер және әуесқой спортшылар (медициналық анықтама бере отырып) қатысады. Барлық қатысушылардың кеуделерінде нөмірлері болуы керек.

Эстафета 10 кезеңнен тұрады. Жарыстың ашылу салтанаты сағат 10:30-да Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығысы, Сарыарқа көшесіндегі «Тутұғыр» композициясы алаңында өтеді. Жарыстың басталуы сағат 11:00-де.
Жарыс тоғыз топ бойынша өткізіледі:
1-топ – ЖОО командалары, Ә. Молдағұлова атындағы олимпиадалық резервтегі спорт мектеп-интернат колледжі;
2-топ – колледждер, Т. Бегелдинов атындағы әскери мектеп-интернат командалары, Ә. Молдағұлова атындағы олимпиадалық резервтегі спорт мектеп-интернат колледжі;
3-ші топ – екінші дивизионның колледж командалары;
4-топ – жалпы білім беретін мектептердің командалары (11 жылдық оқу);
5-топ – кіші орта мектептердің командалары (9 жылдық оқу);
6-топ – өндірістік ұжымдардың командалары;
7-топ – ұйымдардың командалары;
8-топ – спорт клубтарының, күштік құрылым командалары (ІІМ, Қарулы Күштер, ТЖМ, күзет ұйымдары);
9-топ – спорт ардагерлері, мүгедек спортшылар (СПОДА) және әуесқой атлеттер.
Төрешілер алқасының отырысы команда өкілдерімен бірлесіп 29 сәуірде сағат 15:00-де Н. Әбдіров атындағы спорт сарайының фойесінде өтеді.
Эстафетаға қатысу үшін өтінімдер төрешілер алқасына 29 сәуірде сағат 14:30-дан 15:00-ге дейін беріледі.
Анықтама телефондары: (8-7212) 300-268, +7-771-917-26-33.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz