Мәселе

Қарағандыда босқын жоқ, пана іздеушілер ғана бар

Облыста босқын тіркелмегенімен, баспана іздеуші мəртебесімен тіркелген 15 адам бар. Олар Қарағанды, Теміртау, Саран қалаларында тұрады. Бұлардың да көпшілігі – еңбекке жарамды адамдар.

 

Аймаққа еңбек иммигранттарын тартуда да жүйелі жұмыстар жүруде. Биыл 12058 иммигрантқа квота белгіленді. Оның 5984-іне көшіп келуге рұқсат берілді.

Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін тартуда да 402 маманға рұқсат берілген. Олар – Қытай, Үндістан, Түркия елдерінен келетіндер. Жалпы, жоғарыда аталған топ өкілдерінің елде тұруына рұқсат беру мен мерзімін ұзартудан облыстық бюджетке 288 млн теңгеден астам қаражат түскен.

Жиында облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманғали Исмағұлов атқарылып жатқан жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталды.

Қазақстан азаматтығын алу мен ел аумағында тұрғылықты тұру туралы рұқсатты Өзбекстан жəне Моңғалиядан келген 65 қандасқа берілген. Шетелдік жұмыс күшін құзырлы органдар тіркейді. 448 шетелдік тіркелген.

Сағыныш ƏБІЛ,
Ortalyq.kz

Автордың «Қоныстанушыларға – қомақты қолдау» атты мақаласынан.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button