АймақЖаңалықтар
Қарағандыда борышкерлер қарызын көлікпен «төлейді»
Қарағанды қалалық патрульдік полициясы мен жеке сот орындаушыларының бірлескен іс-шарасы қарыздарын төлемеген азаматтардан өндіріп алуға бағытталды.

Рейд нәтижесінде 5 автокөлік айып тұрағына қойылды. Олардың иелері қаржы институттары алдында қомақты қарыз болған. Сонымен қатар, әкімшілік айыппұлдары бар көлік иелері де кездесті. Тәркіленген көліктердің ішінде «Kia», «Toyota», «Lexus» және «Hyundai» сияқты түрлі маркалы көліктер болды. Төленбеген қарыздардың көлемі де әр түрлі. Көлікті тәркілеуге негіз болған ең аз қарыз «Kia» көлігінің иесіне тіркеліп, 58 мың теңгені құрады. Сонымен бірге, «Toyota» иесі банкке 12 миллион теңге көлемінде қарыз болған.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.