Қарағандыда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Ағымдағы жылдың 18 наурызында (басталуы сағат 9.00-де) Қарағанды қаласында облыстың ауыл шаруашылық өнімдерін өңдірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы шағын жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеде ет, сүт, көкөніс өнімдері, сондай-ақ жергілікті өңдеу кәсіпорындарының өнімдері орташа нарықтық бағадан төмен бағамен сатылатын болады.
Жәрмеңкелер өтетін орындар:
— Қаланың оңтүстік-шығысында: «Global City» КТО аумағы (134 есептік квартал, 921 құрылыс),
— Майқұдықта: «Умай» СҮ аумағы (К. Маркс, 9)
— Пришахтинск қаласында: «Молодежный» МҮ аумағы (Металлистов көшесі, 24/2 құрылыс).
Ortalyq.kz