Қарағандыда аурухана дәрігерлері ер адамды клиникалық өлімнен аман алып қалды
Облыстық клиникалық аурухананың дәрігерлері кесек етке қақалып, жүрегі тоқтап қалған 36 жастағы қарағандылықты клиникалық өлімнен кейін құтқарып қалды. Ер адам ауруханаға түскенде жүрегі соқпай қалып, клиникалық өлім жағдайында түскен.
Түскі ас үстінде қақалып, тұншыға бастаған ер адамға әкесі «Геймлих» әдісімен көмек көрсетуге тырысқан. Атап айтқанда, жоғарғы тыныс жолдарын өздігімен ашуға тырысқан. Бірақ, көмек көрсету мүмкін болмаған соң, жедел жәрдем шақырыпты. Дәрігерлер облыстық клиникалық ауруханаға кіре берісте науқастың жүрегі тоқтап қалғанын айтады.
– Науқас өлім жағдайында жеткізілді. Оның тұншығып қалғаны белгілі болғаннан соң, дереу ларингоскопия жасап, тыныс алу жолдарында тұрып қалған бөгде зат – етті корнцангпен алып тастадық. Қосымша жүрекке жанама массаж жасап, бөгде зат алынғаннан соң бірден трахея интубациясы жасалды. Содан кейін ғана жүрегі соға бастады. Жүрек қызметі қалпына келді, – дейді облыстық клиникалық аурухананың реаниматолог-дәрігері Александр Собянин.
Ер адам есін сол күні кешке есін жиған.
«Жедел жәрдем ұлымды клиникаға 5-7 минут ішінде жеткізді. Бізді реанимация бөлімінен каталкамен қарсы алды. Дәрігерлерге жедел әрекет еткені үшін ризамын. Дәрігерлер ғана емес, кіші медициналық қызметкерлер де көмегін аямады. Олар өздерінің кәсіби біліктіліктерімен қатар, адами қасиеттерін де көрсетті. Бөлім меңгерушісі Ирина Александровнаға, басқа да дәрігерлерге алғысымды білдіремін. Ұлымыздың аман-есен жаны қалды. Облыстық клиникалық ауруханаға, облыстық жедел жәрдем станциясының реанимация бөлімшесіне алғысымды білдіремін», – дейді науқастың анасы Наталья Левина.
Салтанат ІЛИЯШ,
Ortalyq.kz