АймақЖаңалықтар

Қарағандыда 9 жасар жиеніне ішімдік ішкізген ер адам үш тәулікке қамауға алынды

Оқиға 2024 жылдың қаңтарында болған. Іс Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Құқық бұзушы З. досына қонаққа барып, өзінің кәмелетке толмаған 2014 жылы туған жиені П-ға алкогольдік ішімдік ішкізген. Кейін кәмелетке толмаған бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.

Сурет: tengrinews.kz

Сот отырысында құқық бұзушы З. кінәсін мойындап, сол күні жиенімен бірге сүйіктісіне қонаққа барғанын түсіндірді. Сонымен қатар сотта З. егер бала қалың қар үйіндісіне құламағанда, өміріне басқа да салдары болуы мүмкін екенін айтқан. Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген баланың алған жарақаттарынан бөлек дәрігерлер оның орташа дәрежеде мас болғанын анықтаған. Қазір бала ауруханадан шығарылды. Сотта қарағандылық өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінді. Прокурор құқық бұзушыға қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы шешім шығаруды сұрады. Нәтижесінде сот Қарағанды қаласының тұрғынын ҚР ӘҚБтК-нің 131-бабында көзделген «Кәмелетке толмағанды масаң күйге келтіру» бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 3 күнге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button