АймақҚарағанды

Қарағандыда 22 жастағы алаяқ құрықталды

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері интернет-алаяқтыққа қарсы күресті белсенді жүргізуде. Осындай кезекті шара барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 22 жастағы азаматты құрықтады.

Сурет dalanews.kz

Күдікті әлеуметтік желіге «Пәтер жалға беремін» деп хабарлама қалдырып, ол жерге өзге біреудің пәтерінің суретін жариялаған. Күндердің күнінде алаяқтың құрығына 56 жастағы азаматша ілінеді. Оның сөзіне сүйенсек, таныстары ұзақ уақытқа жалға алатын пәтерді тауып беруін өтінген. Сол уақытта әлеуметтік желіден әлгі алаяқтың хабарламасын көріп, 230 мың теңге алдын ала төлем жасаған. Кейін жәбірленуші алаяққа алданғанын біліп полицияға арызданады.

Алаяқ өзінің қылмысын мойындап, көрсетпе белгілерін берді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері барысында полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас тағы бір қылмысқа қатысы барын анықтаған. 23 жастағы Түркістан облысының тұрғыны пәтер жалдау үшін алаяқтың шотына 170 мың теңге ақша аударыпты.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынған. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button