АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағандының қоғамдық көліктері тұрғындарға интернет-алаяқтық туралы ескертеді

Қарағанды қаласының полиция басқармасының бастамасымен қалалық №3 автопарк басшылығының қолдауымен автошеру өтті.

Суреттер: Ирина Назырова

Автошерудің мақсаты – қоғамда кеңінен тараған интернет алаяқтықтың алдын алу, сонымен қатар жол-көлік оқиғаларына жол бермеу және халық арасында алаяқтардың құрбаны болмауы үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізуге бағытталған.

Шеру барысында автопарктен шыққан автобустарға баннерлер ілініп, қала бойынша №43, 45, 118 автобустар мен патрульдік көліктер қаланы айналып өтті.

Полицейлер қарағандылықтарға банк қызметкерлері қоңырау шалса, әңгімелеспеуге кеңес береді. Сондай-ақ, олар асығыс инвестиция жасамауға кеңес береді. Осындай ескертулер екі автобусқа ілінді.

Ал, үшінші автобустағы жапсырмалардың көмегімен полицейлер Қарағанды тұрғындарына жол-көлік оқиғаларының жиілеп кеткені туралы ескертеді және жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Барлық жолаушыларды тасымалдау көліктеріне интернет алаяқтықтан сақтану және жолда сақтық шараларын қабылдау бойынша аудиожазбалар қойылды.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Қарағандыда 138 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Видео: облыстық ПД

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button