Коронавирус

Қарағандыда 2 адамнан қауіпті індет анықталды

Бүгін Қарағанды облысында 2 адамның қауіпті індет жұқтырғаны белгілі болды. Олар дертке шалдыққан азаматтармен байланыста болған екен. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, науқастардың денсаулығы қанағаттанарлық деңгейде. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың барлығы оқшауланған және тиісті емдеу курсын алуда. 

Қазіргі таңда облыс аумағында 1594 адам үй карантинінде жатыр. Сондай-ақ, 818 азаматтың денсаулығы дәрігерлердің  бақылауында.  

Басқа материалдар

Back to top button