АймақҚарағанды

Қарағанды жастары онлайн-жәрмеңкеде жұмыс таба алады

Қарағанды карьерлік орталығы Tanda.enbek.kz порталында 30 мамыр күні бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді. 

Сурет: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Жұмыс іздеушілер үйден шықпай-ақ түйіндемені толтыруға және жұмыс берушімен тікелей байланыс орната алады. Сондай-ақ, онлайн чат арқылы жұмыс берушіге сол мезет сұрақ қоя аласыз. Сұхбатқа шақырту алуға немесе тура сол сәт бейнесұхбаттан өтуге болады.

Қазірдің өзінде сайтта әртүрлі саладағы 180-тен астам бос жұмыс орыны бар.

Онлайн жәрмеңке 11:00-ден 17:00-ге дейін жалғасады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button